Эвбея

A.
Эвбея.
A.
Эвбея.
A.
Эвбея.

Эвбея (гр. Εύβοια) — Грекиядағы Эгей теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына таяу орналасқан арал, Грекияға қарайды. Балқан түбегінің шығыс жағалауы бойымен 170 км-ге созылған. Құрлықпен көпір арқылы жалғастырылған. Аумағы 3,9 мың км². Жағалары тік жарқабақты, саяз қойнаулы. Негізінен әктастан түзілген. Жер бедерінде тектоникалық қазаншұңқырлар үстінде қалыптасқан жағалау және ішкі жазықтармен бөлінген үстірттер басым. Ең биік жері Дирфис тауы (биіктігі 1743 м). Жерортатеңіздік бұталар мен орман өседі. Егін (бидай, жүзім) және зәйтүн бағы өсіріледі. Басты қаласы – Халкис.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том


This article is issued from Wikipedia. The text is licensed under Creative Commons - Attribution - Sharealike. Additional terms may apply for the media files.